• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тәуелсіздік 28 Маусым, 2021

Тәуелсіздік тарихын тамашалайды

299 рет
көрсетілді

Елбасы кітапханасының музейінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жол» жобасы іске қосылып, оның алғашқысы астана күні қарсаңында «Арман қала» көрмесімен ашылды.

Аталған жобаның негізгі идеясы – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық кезеңіндегі ай­мақтардың дамуына пано­рамалық шолу көзделген. Жыл соңына дейін елордадағы Қа­зақстан Республикасы Тұң­ғыш Президентінің бі­рінші резиденциясындағы тарихи ғимараттың көрме ала­­ңында еліміздің барлық ай­­мақтарына арналған іс-ша­ралар өтеді.– Елбасы кітапханасы елі­міздің ерекше мерекелерінің бірі – Астана күні қарсаңында қала жұртшылығымен қуана қауышып отыр. Биыл – мем­лекетіміз үшін ерекше жыл, Тәуелсіздігіміздің 30 жыл­дық мерейтойы. Егемен еліміз­дің тарихы жас астанамен ты­ғыз байланысты. 1997 жыл­ғы 10 желтоқсанда дәл осы жерде Н.Ә.Назарбаев рес­пуб­­лика астанасының Ақ­мо­лаға көшірілетінін жария­лап, еліміз үшін маңызды тарихи шешімдердің жаңа астанада қабылданатынын хабарлаған болатын. Бұл оқи­ға осы киелі ғимаратта, ұлы державалық мемлекет басшыларының басын қос­қан Тұңғыш Президенттің бұ­рынғы резиденциясында болған еді. Бүгінгі Қазақстан астанасының тарихы мен бо­лашағы «Арман қала» көр­месіне арқау болып отыр. Себебі, таңғажайып бас қала – ел арманы мен үмітінің қаласы, елімізді мекен еткен барша ұлттың үлкен мақ­та­нышы, – деді салтанатты іс-шараның ашылуында Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.Одан кейін сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов көрмені ұйымдастырушыларға риза­шылығын білдіріп, сәт­тілік тіледі.Мазмұнды іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, елор­далық мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві және «Астана­генплан» ҒЗЖИ ЖШС мен «KazExpoCongress» АҚ бірле­сіп ұйымдастырылды.Көрме Елбасы жеке архиві мен Елбасы кітапханасы му­зейіндегі кітап қорының материалдары негізінде аста­наның қалыптасуы мен даму тарихын кешенді зерттеудің нәтижесі саналады. Ол екі бөлімнен тұрады, бірінші «Нұр-Сұлтан – Тәуелсіз Қазақстанның жа­ңа астанасы» бөлімінде жаңа астананы салу бойынша Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамалары мен идеялары туралы дүниелер ұсынылса, екінші «Нұр-Сұлтан – дипломатия және бітімгершілік орталығы» бөлімінен елордада өткен, жас астананың және тұтастай мемлекеттің халықаралық мәртебесін нығайтуға ықпал жасаған жаһандық ауқымдағы маңызды оқиғалар туралы материалдар кешенімен таныс боласыз.«Қазақстандық жол» жоба­сының қорытынды көрмесі азат­тығымыздың бесігі – Алматы қаласына арналады. Іс-шара Қазақстанның Тә­уел­сіздік күні қарсаңына жос­парланып отыр. Айта кетейік, «Арман қала» көрмесі 8 тамызға дейін жал­ғасады.