• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Маусым, 2021

Ақтауда дезинфекция жасап, көршісін өлтіріп алған әйел сотталды

256 рет
көрсетілді

Ақтауда пәтеріндегі жәндікті өзі дезинфекциялап, көршісін өлтіріп алған тұрғын 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға осыдан 5 ай бұрын болған еді. 46 жастағы тұрғын пәтерін тыйым салынған «Квикфоспен» препаратымен улап, көршілеріне ескертпестен кетіп қалған. Салдарынан жоғарғы қабатта тұратын әйел мен оның 10 айлық баласы көз жұмды. Тағы 5 адам уланып, аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Сотта әйелдің кінәсі толық дәлелденді. Ол жазасын қауіптілігі төмен қылмыстық түзету мекесінде өтейтін болды.

«Сот үкімімен аталған азаматша ҚР ҚК 304-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азаматтық талап азаматтық іс бойынша қаралады», деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз хатшысы Гаухар Нұрханова.