Бүгін, 28 маусым күні Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған ел біріншілігі 20 жасқа дейінгі жастар арасында Орталық стадионда өтіп жатыр. Республикалық чемпионат үш күнге созылады.
Айта кетейік, 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел чемпионатымен қатар, Алматыда жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы біріншілік басталды.