• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 29 Маусым, 2021

Türksat 5A: Түркияда жерсеріктік байланысты дамытудың жаңа қадамы жасалады

394 рет
көрсетілді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған дүйсенбіде Анкара қаласындағы Gölbaşı жерүсті басқару орталығына барып, Türksat 5A байланыс спутнигін пайдалануға беру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Türksat 5A бесінші буын телекоммуникациялық жер серігі өзінің орбитаға 2021 жылы 4 мамырда жеткенін және геосинхронды орбитада (31 градус шығыс бойлық) позицияға ие болғанын еске түсірді. 28 маусымда жер серігі Ku-диапазонында жұмыс істей бастады. 

Заманауи технологиялардың көмегімен жер серігінің орбитада жүру ұзақтығы 30 жылдан асады. Спутниктік қамту аймағы - Түркия, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Африка, сондай-ақ Жерорта, Эгей және Қара теңіз. 

«Түркия болашақта негізгі қауіп-қатерлер ғарыш кеңістігінен - ​​киберкеңістіктен туындайтынын түсінуге негізделген саясат құруда. Сондықтан біз мықты кибер қорғаныс механизмін қалыптастырамыз»,  деді түрік көшбасшысы. 

Айта кетейік, Türksat 5B ұшырылымы 2021 жылдың аяғына жоспарланған. Сондай-ақ Түркия Президенті отандық байланыс спутнигі Türksat 6A сынақтан өтіп жатқанын және оның ұшырылуы 2022 жылға жоспарланғанын атап өтті. Türksat 6A Түркияны спутник өндіретін 10 елдің қатарына қосатын болады.