Қару-жарақты көлігімен тасымалдаған қарағандылық ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 33 жастағы жігіттің көлігінен қару тапты. Атап айтқанда, травматикалық және пневматикалық екі тапанша, тегіс ұңғылы аңшы мылтығының 50 патроны және аңшы пышағы анықталды.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген полиция ақпаратында.