• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

“ҚАЗЦИНК” ЖШС ПРЕЗИДЕНТІ МАРАПАТТАЛДЫ

589 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі “Қазцинк” ЖШС-нің еңбек қауіпсіздігі саласындағы қызметін жақсы қырынан бағалады. “Қазцинк” ЖШС пре­зиденті Никола Попович “Аза­маттардың еңбек құ­қықтарын қорғау және ка­уіпсіз еңбек жағдайларын қам­та­масыз ету жөніндегі же­місті жұ­мысы үшін” Ең­бек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігінің Кұр­мет грамотасымен ма­ра­пат­тал­ды. Грамотаны Шығыс Қа­зақ­с­тан­дағы ең ірі ком­па­ния президентіне Бү­кі­л­әлемдік еңбек қорғау күні – 28 сәуірде ШҚО бо­йынша ба­қылау және ха­лық­ты әлеуметтік қор­ғау департаментінің директоры Ба­қытбек Қизатов тапсырды. “Қаз­цинк” ЖШС – еңбек қауіп­сіздігі саласындағы жұмысы ми­нис­трлік тарапынан жақсы қырынан ба­ғаланған өңірдегі жалғыз кә­сіп­орын. Ол заңды да. Никола По­по­вич ком­па­ния сая­сатында түбірлі кұн­ды­лық­тарды былай деп айқын бел­гілеп берді: “Адам және та­биғи ре­сурстар. Ком­пания ағза­сында адами тұлға мен табиғатқа деген сыйлы көз­қарас сезімін қалыптастыруды біз өзіміздің басты басым­ды­лығымыз деп жариялаймыз!” Бірақ ең бастысы – қыз­мет­керлердің барынша қауіпсіз болуына бағытталған бұл қа­ғидаттар күнделікті тынымсыз жұмыстың арқасында жүзеге асырылуда. Ол компания жұмыс істеген уақыттан бері жалғасып келеді. Жара­қат­та­ну­шылықтың жалпы деңгейі тө­мендеді, алайда, өндірісте әлі де болса жазатайым жәйттер кездесіп қа­латындықтан компания менедж­менті оған қанағаттанып отырған жоқ. “Қазцинкте” еңбек ұйым­дас­ты­ру­дың сапалық жаңа деңгейіне қол жеткізу үшін әдістің өрке­ниетті түрлерін, қауіпсіздік жү­йесіндегі жобаларды үнемі іздеп, жасап, іске енгізіп отырады. 2009 жылдың қыр­күйегінде “Қазцинк” ЖШС-нің “Қыз­меткерлер қауіп­сіздігі” деп аталатын арнайы ауқымды жоба­сын жүзеге асыру басталды. Ол жоба ескірген технологиядан бастап тасталған темекі тұқылына дейінгі кез кел­ген деңгейдегі тә­уекелдер себебін анықтауға және оларды жоюға арналған. Жоба жетекшісі – ком­панияның бірінші вице-президенті Юлия Попович. Жалпы, компанияның қауіп­сіз­дік жүйесі көп құрамдас және оған мүмкін болатын барлық ба­ғыттар бойынша жұмыстар кіреді. Ол үшін бірнеше шағын жобалар мен жүйелер өндіріске енгізілген. Іске деген мұндай көзқарас кәсіп­ор­ын­ның жағдайға не­ғұр­лым ілкімді де кешенді ық­пал етуіне мүмкіндік бе­­реді. Жиында облыс әкі­мінің орын­­ба­сары Е.Са­ли­мов сөз алып “Қазцинктің” екі балабақ­ша, алты тен­нис кор­тын салғанына алғыс айтты. Еңбек қауіпсіздігі жү­йе­сін жақ­сарту үдерісіне “Қаз­цинктің” бар­лық дең­гей­дегі басшылары ат­са­лы­суда. Сонымен қатар, бүгін бұл жо­баны жүзеге асы­ру­дан сырт қалған бір де бір компания қызметкері жоқ деуге болады. Оған таң­қа­латын да ештеңе жоқ, өйткені, тақырып та, мүдде де ортақ. Бүгіннің өзінде жобаны жү­зеге асырудың жаңа һәм өзгеше әдіс­терін қолданудың оңды нәти­желерін бере бастағ­а­нын сенімді түрде айтуға болады. “Қызметкерлер қауіпсіздігі” жобасы қызметі бағыттарының тізбесі жұмыстың жүрімділігіне қарай үздіксіз өсе түспек. Бірақ, ком­пания басшылығының пікі­рі­не қа­рағанда ол – күшті де, қара­жатты да, уақытты да үнем­деуде тар­тыншақтануға бол­майтын жағдай. Оңдасын ЕЛУБАЙ, ӨСКЕМЕН.