• RUB:
    4.99
  • USD:
    523.54
  • EUR:
    546.47
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Маусым, 2021

Қырғызстан билігі Қазақстан жіберген ұнды сататын болды

522 рет
көрсетілді

Қырғызстан билігі гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан жіберген ұнды сататын болды. Республиканың ТЖМ өкілдері оның себебін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ТЖМ жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер қоры ақпаратына сүйенсек, бұған дейін Желіде Қазақстаннан әкелінген ұнның сақтау мерзімі шектеулі екені туралы ақпарат жарияланған. Қор бұл ақпарат жоққа шығарды.

«2021 жылы мамырда республикаға гуманитарлық көмек желісі бойынша Қазақстан Республикасынан 10 мың тонна мөлшерінде жоғары, бірінші сұрыпты ұн келіп түсті. Ол барлық сапалық көрсеткіш бойынша ЕАЭО және мемлекеттік стандарт нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес келеді. Бауырлас халық тарапынан бұл көмек үнемі, әсіресе Қырғызстан үшін қиын уақытта көрсетіледі. Мысалы, 2020 жылы коронавирус пандемиясы ортасында бес мың тонна мөлшерінде ұн мен гуманитарлық көмек көрсетілді», делінген хабарламада.

Ведомство мәліметі бойынша, маусым айынан бастап Қырғызстанда ауа температурасы 32-35 градусқа дейін және одан жоғары көтеріледі, шілдеде аптап күтіледі. Бұл қаптағы ұнды сақтау шарттарына теріс әсер етеді.

«Министрлер кабинеті Қазақстан Республикасынан келген гуманитарлық ұнның сапа көрсеткіштерінің нашарлауына жол бермеу мақсатында осы ұнды сатып, одан түскен қаржыға мемлекеттік резервке ұзақ уақытқа сақтау үшін азық-түлік бидайын сатып алу, сол арқылы республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы шешім шығарды», деп түсіндірді қор өкілдері.

Еске салайық, мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырған болатын.