Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-эксперттік кеңесінің (ҚХА ҒЭК) кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары - ҚР ПӘ ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова, Е. А. Букетов ат. ҚарМУ ректоры Н. Дулатбеков, ҚХА ҒЭК төрайымы А. Сәдуақасова; ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері және т. б. онлайн-қосу арқылы қатысты.
Қатысушылар ҚХА-ның ел тәуелсіздігін нығайтуда қосқан үлесін атап өтті.
Сондай-ақ олар ҚХА Ғылыми-сарапшылық қоғамдастығы қызметінің жаңа тәсілдері мен перспективаларын, ҚХА ҰЭЖ мүшелерін ротациялау мәселелерін талқылады.
М.Әзілханов ғалымдар мен сарапшылардың ұлттық дамудың терең процестерін зерделеу, мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімді жолдары мен тетіктерін іздестіру және әзірлеу бойынша маңызды миссияны атқаратынына және стратегиялық міндетті орындайтынына назар аударды. Осылайша, ол ғылымның басым бағыттарын дамытудың, зерттеу нәтижелерімен, соңғы жарияланымдармен алмасу бойынша сарапшылар үшін ақпараттық база мен интерактивті алаң құрудың өзектілігін атап өтті.
ҚХА ҒЭК шеңберінде ғылыми зерттеулер мен аналитиканың қолданбалы аспектілерін күшейту жөніндегі Ғылыми-сарапшылық кеңестің жұмысын одан әрі жетілдіру шаралары әзірленді, жалпы республикалық және өңірлік мәселелерді қамти отырып, іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым тақырыптарын қоса отырып, бірыңғай іс-қимыл жоспарын әзірлеу ұсынылды.