• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 30 Маусым, 2021

Арал теңізін құтқару бағдарламасы бекітілді

1199 рет
көрсетілді

Арал теңізі бассейіні елдеріне көмек көрсететін іс-қимыл бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасының делегациясы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың басшылығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) Басқару отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына барды.

Делегация құрамына Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев, ҚР Тәжікстан Республикасындағы Елшісі А.Тәжібаев және ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары М. Сыздықов және т.б. кірді. Қазақстандық тарапы ХАҚҚ Орындаушы комитетіне ХАҚҚ Мемлекеттері басшыларының шешімдеріне түгендеу жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылы Түрікменбаши ХАҚҚ мемлекеттері-құрылтайшылар самитінде айтылған ХАҚҚ ұйымдастырушылық құрылымды және келісім-шарттық базасын жетілдіру, Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық концорциумын құру, сондай-ақ ХАҚҚ Орындаушы комитетінің аймақ елдерінің бірінде тұрақты орналастыру жөніндегі ұсыныстарды іске асыру қажеттілігін атап өтті.

Арал теңізінің бассейндегі су ресурстарын және экологиялық жағдайды жақсарту қажеттілігі аясында, қазақстандық тарапымен аймақтық ұйымдардың рөлін күшейтудің, оның ішінде «Сырдария» және «Амудария» су шаруашылық бассейндік бірлестіктердің маңыздылығы аталды. Отырыс нәтижесінде Тәжікстан төрағалық етуінің мерзіміне ХАҚҚ Орындаушы комитетінің жұмыс жоспары қабылданды, сонымен қатар «Арал теңізінің бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы» (АТББ-4) бекітілді.

АТББ аймақтық бағдарлама, оның негізгі мақсаттары Арал теңізі бассейнінде тұратын адамдардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, Орталық Азия елдері арасындағы су шаруашылық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту және су ресурстарын ұтымды пайдалану ынтымақтастығын одан әрі кеңейту болып табылады.