• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Маусым, 2021

Қазақстандық полицей Өзбекстаннан жеңіспен оралды

168 рет
көрсетілді

Отандасымыз халықаралық турнирде елімізге алтын медаль әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстікқазақстандық полицей Өзбекстанда кикбоксингтен полицейлер арасында болған халықаралық турнирде елімізге алтын медаль әкелді. 86 килограммда айқасқан Нұрсұлтан Жақыпов ақтық күресте украиналық әріптесін жер қаптырды. Қазір ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған.

Нұрсұлтан кикбоксингпен 14 жасынан бері айналысады. Полиция қатарына былтыр қабылданған. Ол қазір СҚО ПД жедел әрекет ету отрядында қызмет етеді. Жеңімпазды облыстық ПД департаментінің бастығы, генерал-майор Марат Төлебаев құттықтады.