Біріккен ұлттар ұйымы киберқауіпсіздік жаһандық индексі деңгейі бойынша 9 сатыға көтеріліп, 31 орынға орналасты (бұған дейін - 40 орында болған), деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭБО) 29 маусымда өткен конференциясында Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексі туралы 4-ші басылым есебінде жарияланды.
ТМД аймағы бойынша Қазақстан 2-ші орында, бірінші орында – Ресей Федерациясы.
Рейтинг жасау кезінде мемлекеттің заңнамалық базасы, техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары, халықаралық аренадағы қызметі мен ақпараттық қауіпсіздік саласын дамытуға бағытталған әлеуеті негізге алынады.
Еліміздің «Қазақстан киберқалқаны» және «Цифрлық Қазақстан» сияқты стратегиялық бағдарламаларында ХЭБО-ның киберқауіпсіздік жаһандық индексі ақпараттық қауіпсіздік бойынша басты индикатор болып есептеледі.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ХЭБО ұжымына өзара тиімді серіктестік және киберқауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша қолдау көрсеткені үшін алғыс айтады.