• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

ТОҚСАНБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ЛАЙ КӨШКІНІ

687 рет
көрсетілді

Қыста таулы аймақтарда қар­дың мол түсуінің нәтижесінде әлі күнге жол жағалауларындағы “қы­зыл сулар” бей-берекет ағуда. Қар көбесі сөгілген сайын таулы өңір­ле­р­дегі қауіпті жағдай жиілей түсуде. Кербұлақ ауданының таулы аймағында осындай табиғаттың тосын мінезі байқалды. Ауданның Черемушкина елді мекеніне жақын жерде лай көшкіні орын алып, ұзындығы – 300, ені 200 метр жер опырылып түскен. Бұл теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктіктегі “Тоқсанбай тауы” деп аталатын жотада болды. Кәдімгі жар опы­ры­лып, лай көшкінінен сырғып түскен топырақтың көлемі 140 мың текше метрді құраған. Биікте бір-біріне ұқсас жарық­тар пайда болып, лай топырақ шат­­қал­ға құлаған. Жан-жақтан жиналған су мен лай етектегі елді мекенге қауіп төндіруі мүмкін болғандықтан, Черемуш­кина елді мекеніндегі шаруа қожа­лығымен айналысқан бес үйдегі 22 тұрғын мал-жанымен түгелдей қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қазір мұнда кезекшілік ұйым­дастырылып, жағдай жіті қадаға­лануда. Облыстық төтенше жағ­дай­лар департаменті мамандары­ның хабарлауынша орын алған лай көшкініне байланысты депар­тамент және селден қорғау меке­ме­сінің қызметкерлері жағдайды зерттеп, қауіптің алдын алу шара­ларын жүргізіп, қажетті техника­лар жеткізілгенін және елді мекен толық қауіпсіз аймақтарға көші­ріл­генін айтады. Жер-ананың тосын сырының неден екені әзірге беймәлім. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.