• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Шілде, 2021

Қырымбек Көшербаев мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

402 рет
көрсетілді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен  2021 жылғы Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Комиссия сыйлыққа ұсынылған 16 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен, сондай-ақ, медицина және биология ғылымдары, жаратылыстану ғылымдары, техника ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар,  ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша бес секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарымен танысты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2021 жылғы Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылған және алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітілді. Тізім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.