Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Волгоград қаласындағы террорлық әрекеттерге байланысты тағы да қайғырып көңіл айтты.
Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары бірін-бірі алдағы Жаңа жылмен құттықтап, екі елдің халқына игілік және бақ-береке тіледі.