• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2014

Жауынгерлік тулар тапсырылды

505 рет
көрсетілді

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов «Батыс» өңірлік басқармасына қарасты 2087 және 2036 әскери бөлімдеріне салтанатты жағдайда жауынгерлік туларды табыс етті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

 

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов «Батыс» өңірлік басқармасына қарасты 2087 және 2036 әскери бөлімдеріне салтанатты жағдайда жауынгерлік туларды табыс етті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Намыс пен ерліктің, абырой мен даңқтың белгісі болып табылатын туларды шекара ведомствосы басшысының қолынан подполковниктер Мұхтар Қанабеков пен Санат Жұманов алды.

Аталған салтанатқа Ақтау қа­ла­сының, облыстық және Бейнеу аудандық әкімдіктерінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері қа­тысты.

– Жауынгерлік ту әскери бөлімнің тарихы мен ерлік жолын паш ететін қасиетті белгісі болып табылады, – деп атап өтті генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов өз сөзінде. – Осы тудың астында тұрып сарбаздар мен сардарлар, генералдар еліміздің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын жан аямай қорғайтын болады.

Осы күні Бейнеу шекара отрядында шекарашыларға 48 пәтердің кілті тапсырылғаны да ерекше атап өтерлік оқиға. Осылайша 4 үй пайдалануға берілді. Сөйтіп, «Батыс» өңірлік басқармасының шекарашылары Жаңа жылды жаңа пәтерлерде қарсы алды. Сақшылардың өздері де мұны мереке қарсаңындағы ең тамаша сыйлық ретінде қабылдады.

Осы орайда, келесі жылы екі үйдің пайдалануға беріле­тіндігін, осылайша Бейнеу шекара отрядындағы әскери қызмет­ші­лердің 100 пайызы тұрғын үймен қамтылатындығын айта кету керек. Шен таққан қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету Елбасы Жолдауының іске асып жатқандығының басты көрінісі болып табылады.

Шекара қызметі осылайша тұрғын үй салу мен жөндеудің екпінін арттырып отыр, мұндай бағыт болашақта да төмендемек емес. Офицерлер мен келісімшарт қызметкерлерінің жайлы да сәнді пәтерлермен қамтамасыз етілуі күннен-күнге арта түсуде. Шен таққан қызметкерлер жанға жайлы барлық жағдайы жасалған әскери қалашықтарда отбасыларымен бірге тұруда.

Шекара қызметі әскери қала­шықтар соғуда дамыған елдердің тәжірибесін батыл қолдануда. Мұнда әскери бөлімдерге қажетті барлық жағдайлар, оның ішінде әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың болуы қатаң сақталады. Сонда ғана шекарашы еліміздің қай түкпірінде қызмет атқарса да әлеуметтік-тұрмыстық жағынан ешқандай кемшілік көрмейтін болады.

Н.Жоламанов пәтер кілттерін тапсыра тұрып, шекарашылар мен олардың отбасы мүшелерін жаңа қоныстарымен құттықтады, оларға мықты денсаулық пен бақыт, қызметтеріне табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар