• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2021

Теңіз кенішінде мұнай желісінен ақау шықты

356 рет
көрсетілді

Облыстық экология департаменті мамандарының ақпаратына қарағанда, 1 шілдеде сағат 17:40-та «Теңізшевройл» ЖШС игеріп жатқан Теңіз кен орнында газ алауы жанған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған мұнай желісіндегі ақау себеп болып отыр.

«Екінші буын зауытының мұнай желісінде клапанның жабылу себебінен зауыт жұмысы мен шикі газды жер қойнауына айдау өндірісі тоқтатылды. Өндіріс пен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отын газы жағылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Енді департамент мамандары жоспардан тыс тексеру жүргізбек. Сол кезде ақаудың себептері мен өзге де мәліметтер анықталады.