• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Білім 02 Шілде, 2021

ҰБТ-дан өте алмаған түлектерге тағы бір мүмкіндік беріледі

1253 рет
көрсетілді

Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті балл жинай алмаған түлектер де биылғы жылы жоғары оқу орындарына түсе алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жөнінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді.

«Егер түлек төрт мүмкіндікті қолдана отырып, шекті балл жинай алмаса, онда ол өзі таңдаған кез келген мамандық бойынша университетке түсе алады. Алайда, ол осы ЖОО-да оқуға лайық екенін дәлелдеу үшін бір жыл ішінде ҰБТ-ны қайта тапсыруы қажет. Сынақтан өту үшін түлекке 4-5 мүмкіндік беріледі. Біз бұл шешім туралы жақында жариялайтын боламыз», деді Тойбаев ОКҚ брифингінде.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігінде осы жылғы тестілеу қорытындысы жарияланған болатын. Ең жоғары баллды бір ғана түлек жинады. Шекті балды 37,4%, яғни 57 187 түлек еңсере алмаса, 756 бала тестілеуге жіберілмеді.