• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2014

Ұмтылыс

270 рет
көрсетілді

Шалақындықтар да белгілеген межелерді ойдағыдай орындап, жылқы жылын жақсы көңіл күймен қарсы алып отыр. Бұлайша көтеріңкі рухта сөйлеуіміздің сыры бар. Аудандар мен Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісінде аудан соңғы 3 жыл бойы көш соңында қалып келді. 23 көрсеткіштің 9-ы бойынша төменгі даму санатына енді. Осыған орай, облыстық әкімдіктің отырысында ауданның әлеуметтік-экономикалық тығырықтан шығу жолдары қаралып, аймақ басшысы Самат Ескендіровтің қолдауымен арнайы бағдарлама қабылданды. Жол, ауыз су, инвес­тиция, білім, медицина салаларына басымдықтар берілді. Енді, міне, жыл қорытындыланып, «балапанды санайтын» шақта тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, тұрмыс деңгейін арттыру, экономикалық өсімді қамтамасыз етуде алтыншы сатыға көтерілдік.

 

Шалақындықтар да белгілеген межелерді ойдағыдай орындап, жылқы жылын жақсы көңіл күймен қарсы алып отыр. Бұлайша көтеріңкі рухта сөйлеуіміздің сыры бар. Аудандар мен Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісінде аудан соңғы 3 жыл бойы көш соңында қалып келді. 23 көрсеткіштің 9-ы бойынша төменгі даму санатына енді. Осыған орай, облыстық әкімдіктің отырысында ауданның әлеуметтік-экономикалық тығырықтан шығу жолдары қаралып, аймақ басшысы Самат Ескендіровтің қолдауымен арнайы бағдарлама қабылданды. Жол, ауыз су, инвес­тиция, білім, медицина салаларына басымдықтар берілді. Енді, міне, жыл қорытындыланып, «балапанды санайтын» шақта тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, тұрмыс деңгейін арттыру, экономикалық өсімді қамтамасыз етуде алтыншы сатыға көтерілдік.

Қоғамдық малды негізінен жеке адамдар өсіреді. Жасыратыны жоқ, ауыл шаруашылығы құры­лым­дарының бұл бағыттағы белсенділігі әлі төмен. Соның салдарынан 2012 жылы 17 шаруашылық бар-жоғы 649 мал әкелген. Бұл – жоспардың 26 пайызы ғана. Ауданда ірі тауар өндірушілер қатары да аз. Көбі 500-1000 гектардан аспайтын ұсақ фермерлер саналады. Қолдағы резервтер мен ішкі мүмкіндіктер жан-жақты зерттеліп, биыл кемі 1700 бас ірі қара малын сатып алу межеленді. Бүгінге дейін қотанға біржарым мыңнан астам мал қосылды. «Дүйсеке-Жер» шаруа қожалығы 52 миллион теңгеге 102 бас абердин ангус малын жеткізді. «Агро-Север» ЖШС табындарды 300 бас малмен толықтырып, репродуктор шаруашылық құруға ниетті.

Президент тапсырмаларының бірі – шағын және орта бизнеске кең қолдау көрсету, мемлекет-жекеменшік серіктестік тәсілінің тиімділігін барынша пайдалану. 1028 кәсіпкерлік субъектілеріне 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа тартылған. Жыл басынан бері 24 нысан ашылып, 51 жаңа жұмыс орындары құрылды. «Сәнді Райымбек» ЖК тұшпара өндіру цехын іске қосса, Социал ауылында тігін, Бірлік ауылында ағаш кесу цехы пайдалануға берілді. 3D кинотеатрын ашу үшін «Ғабдуллин» ЖК-не 2,5 миллион теңге грант алды. «ЦТО Альфа» ЖШС 5 миллион теңгемен қаржыландырылып, техникалық байқау стансасын ашты.

Ауданда көрікті жерлер көп. Солардың бірі Аютас маңынан жеке кәсіпкерге 6 гектар жер телімі бөлініп, 160 миллион теңгенің бизнес-жоспары жасалды. Ондағы мақсат – туризм саласын өркендету.

Аудан әкімдігі қызметіне 2012 жылдың 26 желтоқсанында кірістім. Екі айдан кейін жұртшылық алдында алғаш рет есеп бердім. Келіп түскен 70-тен астам сауалдардың дені әлеуметтік-тұрмыстық мәсе­лелерге қатысты болды. Ұсы­ныс-пікірлер жинақталып, орындалуы қатаң бақылауға алынды. Аудан рейтингіне кері әсер еткен факторлардың бірі бала­бақ­шалармен қамту жайын оң шешу мақсатымен Сергеевка мектебіндегі 25 орынды шағын орталықты 100 орынға дейін кеңейттік. Соның арқасында мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 83 пайыздан 92 пайызға дейін көтерілді. Мемлекет-жекеменшік серіктестік шеңберінде жеке кәсіпкерге үш қабатты үйден иесіз қалған пәтерлер босатып бе­рілді. Қазір жөнделу үстінде. Ке­лесі жылы 75 орынды жекеменшік балабақша бой көтереді. Оның екі тобы жергілікті қазына есебінен қар­жыландырылады. Сонда бала­бақша мәселесі түпкілікті шеші­летін болады.

Көпшіліктің аудандық емха­на ғимаратын күрделі жөн­деуден өткізу туралы сұранымы да қана­ғат­тандырылды. Кір жуа­тын орынға-17 миллион, флю­рографиялық кабинетті жабдық­тауға- 2,8 миллион, нев­рологиялық бөлімшені қалпына келтіруге-11,7 миллион теңге жұмсалды. Жас мамандарға баспана берілді. Двойники–Ольгинка–Ақанбарақ–Ступинка–Семиполка бағыттарындағы жолдарды жөн­деуге 28 миллион теңге жұмсал­ды. Ішкі жолдарды қалпына кел­тіруге жергілікті бюджеттен 23,7 миллион теңге бөлінді. Бұл – алдыңғы жылға қарағанда 5 есе көп. Алқағаш, Көктерек, Еңбек ауыл­дарының тіршілік нәріне деген мұқтаждықтары шешілді. Келесі жылдан бастап сүт кластерін дамыту­ды да ойластырып отырмыз. Бұл жоба «Сергеевка сүт өнімдері» зауыты негізінде жүзеге асырылады. Бүгінде банктен алынған 65 миллион теңге жеңілдетілген несие­ге жаңа қондырғылар орнатылды. Өткен жылға қарағанда, тәуліктік сүт жинау мөлшері айтарлықтай артып, тұрғындарға 108 миллион теңге қолма-қол ақша төленді. Өнім түрлері одан әрі көбейтіледі.

Былтырдан бері аудан аума­ғында «ТНС-2020» және «Степ­ное-2020» ірі агрофирмалар жұмыс істеп келеді. Өңірде 200 мың гектардан астам алқапқа ас­тық өсірілсе, 43 пайызы осы серіктес­тіктердің еншісінде. Бұ­лар бір кез­дері тұрғындарды еңбек­ақы­сыз, пай үлесінсіз қалдырған «Асыл­хан-Агроның» «ауыр мұрасын» қа­былдап алғалы іс оңға басты. Бірі 550, екіншісі 170 адамды жұмыс­пен қамтып отыр. 9 айда 2,2 миллиард теңге инвестиция құйып, міндеттемені 154 пайызға орындады. Тұрмысы төмен отбасыларды, аз қамтылған жандарды зейнеткерлерді де үнемі қолдап отырады.

Әрине, қол жеткен жетістіктерге әсте тоқмейілсуге болмайды. Жаңа жылда атқарылатын шаруалар көп. Солардың біріне әлі өткір күйінде тұрған жалақы мәселесін қосар едік. Оның орташа мөлшері 63 мың теңгеден ғана айналса, ауыл шаруашылығы саласында 47 мың теңгенің төңірегінде. Өсу динамикасы бар, алайда қанағаттануға ерте. Кемі 80 мың теңгеге жеткізу міндеті тұр. Ол үшін ұжымдық еңбек келісімдерін жасау, жергілікті кәсіподақтар ықпалын көтеру шараларын қарастырудамыз. Мал бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды репродуктор шаруашылықтар құру жайы да жаңа жылдың еншісінде.

Жылқы жылында да ауданның әлеуметтік-экономикалық алға басу, ілгерілеу қарқыны жалғаса береді деген үміттеміз. Ең бас­тысы, Қазақстанымыз өркендеп, танымалдығы арта берсін демекпіз!

Марат ОМАРОВ,

Шал ақын ауданының әкімі.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар