Қаладағы Мәдениет сарайында «Нұр Отан» партиясы филиалының «Жас Отан» жастар қанаты мүмкіндігі шектеулі болса да, өнерден қол үзбеген шеберлердің туындыларын қамтыған «Жан жылуы» атты Жаңа жылдық жәрмеңке өткізді. Бұған қалалық ішкі саясат бөлімі қолдау көрсетті.

– Жаңа жылда осындай көрме-жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсынысымыз бар, – дейді қала тұрғыны Мансура Башарбаева. – Мұнда қарап отырсақ, қаланың қолөнер шеберлері мен мүмкіндігі шектеулі шеберлердің туындылары жұртқа сатылымға ұсынылған екен. Мен біраз ойыншықтар сатып алдым.
Жаңа жылдық жәрмеңкенің мақсаты ұлттық қолөнерді кеңінен насихаттау болып табылатындықтан, көптеген бұйымдар халқымыздың салт-дәстүрінен, тіпті өткен тарихынан хабар береді.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.