«Қазақстан» ұлттық арнасы өз хабарларын толығымен қазақ тілінде көрсете бастағалы бұрын-соңды болмаған биік сатыға көтерілді.
Көш бастаудың тағы бір сыры – телеарна жыл сайын көрерменді баурап алар тың жобаларды ойлап табуда. Биыл да халықтың сүйікті арнасы жұртшылықты көзайым жобалармен қуантуға асығады. Жаңа маусымда «Қазақстан» ҰТА бірқатар жаңа мега-жобаларды, ақпараттық-сараптамалық, деректі-танымдық дүниелерді, жаңа ток-шоулар мен көңіл жадыратар ойын-сауықтық және музыкалық-сазды бағдарламаларды ұсынбақ. Осы жылы көрерменнің ерекше сұранысына ие отандық телехикаялардың жаңа бір легінің тұсауы кесіледі. Мұнда төл телехикаялармен бірге әлемнің озық кинокомпаниялары түсірген көркем кинотуындылар мен деректі фильмдерді тамашалауға мүмкіндік туады. Қыстың қыраулы күндерін жаздың жаймашуақ әсеріне толтыруға мүдделі қауымға «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңа маусымда бірқатар тың тартулар әзірледі.
«Қазақстан» ұлттық арнасы өз хабарларын толығымен қазақ тілінде көрсете бастағалы бұрын-соңды болмаған биік сатыға көтерілді.
Көш бастаудың тағы бір сыры – телеарна жыл сайын көрерменді баурап алар тың жобаларды ойлап табуда. Биыл да халықтың сүйікті арнасы жұртшылықты көзайым жобалармен қуантуға асығады. Жаңа маусымда «Қазақстан» ҰТА бірқатар жаңа мега-жобаларды, ақпараттық-сараптамалық, деректі-танымдық дүниелерді, жаңа ток-шоулар мен көңіл жадыратар ойын-сауықтық және музыкалық-сазды бағдарламаларды ұсынбақ. Осы жылы көрерменнің ерекше сұранысына ие отандық телехикаялардың жаңа бір легінің тұсауы кесіледі. Мұнда төл телехикаялармен бірге әлемнің озық кинокомпаниялары түсірген көркем кинотуындылар мен деректі фильмдерді тамашалауға мүмкіндік туады. Қыстың қыраулы күндерін жаздың жаймашуақ әсеріне толтыруға мүдделі қауымға «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңа маусымда бірқатар тың тартулар әзірледі.
Соның бірі – «Қазақстан дауысы» мега-жобасы десек, бұл жай талант-шоу ғана емес, ғажап дауыс иелерін анықтайтын, оларды елге танылған күміскөмей тұлғалармен қатар қоятын тартымды жоба. Мұнда кәсіби әншілер байқауға қатысушыларға өздері көмектесіп, көрген-түйгендерін үйретеді. Бірақ шәкірттерін қанша қолдап, жаны ашығанына қарамастан олардың арасынан ең мықтыларды таңдаулары тиіс. Бұл – негізінен әлемнің 35 елінде көрсетіліп, рейтинг бойынша бар жерде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген тележоба. Америкалық нұсқасында экран алдына 37 миллионнан астам көрермен жинап, өзімен бәсекелес өзге тележобаларды артқа ысырған жобаның қазақстандық үлгісі де үлкен-кішіні бей-жай қалдырмасы анық.
Тағы бір жаңа жоба «Түнгі студияда – Нұрлан Қоянбаев» деп аталады. Мұның өзге бағдарламалардан ерекшелігі – жобада орынды әзіл-қалжың арқылы саяси сынаулар мен ойландырар сауалдар болады. Бағдарлама жүргізушісі мен қатысушы қонақты жанды дауыста түрлі музыкалық аспапта ойнайтын топ сүйемелдеп отырады. Бағдарлама аптасына 4 рет жарыққа шығады деп күтілуде.
Жаңа жылда «Әйел бақыты» ток-шоуы одан әрі жалғасын табады. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйел беделі, отбасындағы рөлі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы мен бүгінгі ерлі-зайыптылар болмысы әңгіме өзегіне айнала отырып, керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т.б. өзекжарды мәселелер ортаға салынады. Жаңа ток-шоу тікелей эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – көрермендер тікелей эфир кезінде де, эфирден тыс уақытта да өздерін қызықтырған сауалдарды телефон арқылы немесе электронды пошта арқылы жолдай алады.
Биыл көрермен, сондай-ақ, «Шетелдегі қазақ балалары» атты деректі танымдық жобаның жалғасын тамашалай алады. «Шетелдегі қазақ балалары» сериялық репортажының басқа арналарда баламасы жоқтың қасы, «Қазақстан» ҰТА бастамасымен елімізде тұңғыш рет қолға алынған бағдарламаның негізгі мақсаты – шетел азаматтары асырап алған қазақстандық балалардың кейінгі тағдырын баяндау. Осыған дейін еуропалықтар асырап алған қазақ балаларының тағдыры жайында жан-жақты сыр шертілсе, енді АҚШ пен Канадада жүрген қаракөздердің тағдырымен танысуға мүмкіндік туады.
Жаңа маусымда көрермен көзайымына айналып үлгерген «Ұлттық шоу», «Айтуға оңай», «Алаң», «Сыр-сұхбат», «Жарқын бейне», «Келбет», «Ақсауыт», «Таңшолпан», «Телқоңыр», «Жайдарман», «Жан жылуы», «Толағай», «Экспо жолы» бағдарламалары жалғасын таба түседі.
Тағы бір маңызды жаңалық, «Қазақстан» ҰТА-да жаңа маусымда бірнеше отандық телехикаялардың тұсауы кесіледі деп жоспарлануда.
Жаңа жылда ұлттық арна көрермендерге «Жедел жәрдем», «Сырғалым» атты отандық телехикаяларды ұсынбақ. Айта кету керек, «Олимп шыңы», «Сұңқар», «Ұстаз», «Ауыл сақшысы», «Әпке» атты телехикаялар көрермен көзайымына айналып үлгерсе, еліміздің түкпір-түкпірінде ерлік көрсетіп, батылдығымен, өжеттігімен көзге түсіп жүрген жандар жайлы деректі фильмдер топтамасы – «Жаныңда жүр жақсы адам» да өз жалғасын таппақ.
Осы жылдың қарсаңында ұлттық арнаның өз көрермендеріне таңғажайып Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлағаны тағы бір айтарлықтай оқиға деу керек. «Таңғалдырған жаңа жыл» атты ойын-сауық думанының авторы – белгілі украиналық режиссер, продюсер Алан Бадоев. Жобаның желісі бойынша музыкалық комедияның үш басты кейіпкері – болашақтан келген уақыт сақшылары-полицейлер –Дулыға (басты кейіпкері, иісшіл), Азамат (қырағы көз) және Жанатбек (сақ құлақ). Олар 2116 жылда өмір сүріп, өзінің айрықша дизайнымен (кейбір тұстары киіз үйге ұқсатып жасалған) және инновацияларымен жұртты таңғалдырып, ұшатын тәрелкеде қызмет етеді. Болашақ меймандары қоршаған кеңістіктегі өздерін қызықтырған нысандарды фантастикалық түссіз монитор арқылы бақылап отырады. Кейіпкерлердің басты мақсаты – Жаңа жылды қарсы алуға кедергі жасайтын өзге планеталықты ұстап алу. Оны іздеу барысында уақыт сақшылары монитор арқылы Астанадағы Жаңа жылдық көріністі бақылайды.
Алла Пугачева, Дмитрий Хворостовский, Авраам Руссо, Верка Сердючка, Валерия, Жанна Фриске, Филипп Киркоров, Макс Барских сынды Ресей эстрадасының танымал жұлдыздарына 70-тен астам бейнебаян түсіріп, өз ісінің хас шебері атанған Алан Бадоевтың ұлттық арна көрермендеріне ұсынған Жаңа жылдық жобасы өзге арналарда көрсетілетін жобалардан мүлде бөлек еді. Бұл оның Қазақстан көрермендерімен алғашқы қауышуы емес. Бұған дейін талантты продюсер алматылықтарға ТМД мен Еуропаның музыкалық арналарында айрықша танымалдылыққа ие болған ZDance хоррор-мюзиклін ұсынса, Астана қаласында Тимур Бекмамбетовтің кинофестиваліне қатысқан болатын.
Телешоу авторлары дәстүрлі «көгілдір алау» пішіміндегі үстел басындағы отырыстар мен диалогтардан бас тартып, жобаны қарқынды сюжет желісінде түсірген. Әртістер ерекше талғаммен безендірілген декорацияда, жарық қойылымы мен субұрқақпен жабдықталған бірнеше сахналарда өнер көрсетті. Әрбір нөмірді Алан Бадоев бейнебаян ретінде түсірді. Әрбір кадр инновациялық бояумен қаныққан. Мәселен, сахнада бірде «тірі ескерткіштер», голограммалар ұсынылса, енді бірінде Бақтияр Тайлақбаевтың отты микрофонмен ән айтқаны ғажап. Жұлдыз IL KANTO тобымен бірге өнер көрсетсе, кейбір эстрада жұлдыздары сахнаға жаңа бейнеде шықты. Мәселен, Мәдина Сәдуақасова, «Алашұлы» тобы 60-шы жылғы эпатажды стильде өнер көрсетті. Роза Рымбаева, Ескендір Хасанғалиев, Лаки Кесоглу, Паскаль, Нұрлан Абдулин, Нағима Есқалиева, Айгүл Иманбаева, Бүркіт, Аиша, Ардақ Балажанова, Алмас Кішкенбаев, Ұлықпан Жолдасов, Мақпал Исабекова, «Орда», «KeshYou», «RINGO» топтары және т.б. өнерлері шуақты, мерекелік рәуішке толы.
Басты рөлдегі Дулығаның рөлін «Қыз жылаған», «Сыныптастар» «Біржан Сал», «Агент Z» фильмдері арқылы танымал Дулыға Акмолда сомдады. 30-ға жуық анимациялық фильмдерді дыбыстаған актердің орындаған «Құбыжықтар университеті» анимациялық мультфильміндегі Майк Вазовскийдің дубляжы айтарлықтай табысқа ие. Жанатбектің рөлін – белгілі актер, тележүргізуші, режиссер Жанат Бәйтеков, Азаматтың бейнесін «Парыз», «Бақсы» фильмдері арқылы танымал актер Азамат Сатыбалды сомдады.
Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ,
«Қазақстан» АҚ» республикалық
Телерадиокорпорациясының
баспасөз хатшысы.