• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Шілде, 2021

Түрік және Әзербайжан қарулы күштері әскери қабілеттерін жетілдіруде

381 рет
көрсетілді

Түрік және Әзербайжан қарулы күштерінің «Мұстафа Кемал Ататүрік 2021» бірлескен жаттығуы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарламасында  екі ел армиясының әскери қозғалыс барысындағы үйлесімділік пен қолбасшылардың басқару қабілеттерін жетілдіру мақсатында жаттығу жүргізіліп жатқаны жазылды. 

Жасақтар миналы қорғаныс желілерінен өтіп, «жауға» қарсы шабуыл жасады.

«Мұстафа Кемал Ататүрік 2021» деп аталған жаттығуға 600 әскер, 40 шақты танк пен сауытты көлік, жиырмаға тарта зеңбірек, жеті тікұшақ пен елу көлік қатысып жатыр.