Атырауда ауылдық округтер әкімінің лауазымынан экономистер, заңгерлер мен педагогтер, ауыл шаруашылығы, мәдениет салаларының мамандары үмітті болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың ақпаратына сүйенсек, Атырау қаласы мен 6 ауданда ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді.
«Биыл 18 ауылдық округтің әкімі сайланады. Бұл окургтерде 44 мың 500 сайлаушы бар. Осыған байланысты 236 сайлау комиссиясы құрылды. 31 кандидат құжат тапсырды», дейді Азамат Айманакумов.