• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 03 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтанда Елбасы кубогы турнирі өтеді

651 рет
көрсетілді

5 шілде күні Астанада бәйге түрлерінен Елбасы кубогы республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында  айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам сәйгүлік қатысады деп жоспарланған. Шара барысында алғаш рет қазақтың қазанаты саналатын Қостанай тұқымды жылқылардың 23 шақырымдық бәйгесі өтеді.

Сонымен қатар 9 шақырымдық құнан бәйге, 16 шақырымдық кіші аламан, 25 шақырымдық аламан болады.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президентінің айтуынша, бәйгенің жалпы жүлде қоры 21 млн теңгені құрайды.