• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2014

Елге де, ел деп жүрген ерге де жеңіс тілеймін!

590 рет
көрсетілді

Жылдың жаманы жоқ. Жиырма тоғызға аяқ басатын жылым – жылқы жылы да жаман болмас деп ойлаймын. Осы жылдар ішінде қазақ күресінің даңқын әлемге танытып, бір рет әлем чемпионы, бір рет Азия чемпионы атандым. Еліміздегі «Түйе балуан» нәмімен өткен жарыстардың 18 мәрте жеңімпазы болдым. 2012 жылы Қазақстан Президентінің жүлдесі сарапқа салынған «Қазақстан барысы» турнирінде топ жарып, заңғар биіктен көріндім. Өтіп бара жатқан жылан жылын да өзім үшін жаман болды деп айта алмаймын. Жамбыл облысының орталығындағы жаңадан ашылған «Тараз-Арена» спорт сарайында тұңғыш рет өткен «Еуразия барысы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасымен бірге жеңімпаз атандым. Шешуші сәтте моңғол алыбымен болған белдесуім де ел есінде болар, сірә.

Қазақ халқы жылқы малын ерекше бағалаған. Оны «Ат – ердің қанаты», «Жылқының сүті – шекер, еті - бал» деп ардақ тұтқан. Мен де ауылдың баласы болғандықтан, жылқының адам қызығатын қасиеттерін көріп, біліп өстім. Халқымызда «Ат тұяғын тай басар», «Алып анадан туады, тұлпар биеден туады» деген қанатты сөздер бар. Біз кешегі Қажымұқан, Балуан Шолақ, Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков, Дәулет Тұрлыханов, Алмас Мұсабеков сынды атағы алысқа тараған белгілі балуандардың ізін басып келеміз.

Сондықтан, «Тұлпар болар құлынды мүшесінен танисың» немесе «Құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер» дегендей, Қазақ елінің дәулеті мен сәулеті жылқы жылы да асып-таса береді деп ойлаймын. Ол үшін ең алдымен елде тыныштық, береке мен бірлік салтанаты нығайған үстіне нығая беруі тиіс. Қалың еліміз – қазағымыз сонда ғана нағыз бақытқа қол жеткізеді. Біз сияқты спортшылардың да «екінші тынысы» ашылып, таланты ұштала түседі. Айналамыздағы елдерге қарасаң қара шәйдің өзін тыныштықпен ішуді аңсап отырған халықты көресің. Көресің де қабырғаң қайысады. Негізі, дана халқымыз «Бір күн ұрыс болған үйден, мың күн ырыс кетеді» деп бекерге айтпаған. Оған сонау Сирия, Египет, Ауғанстан сияқты тағы басқа да береке мен бірлігінен айырылып, бастары қосылмай жатқан мемлекеттердің мұңға толы мысалы дәлел. Қалалары қиранды мен үйіндіге айналса, далалары жарылған бомбаның шұрқ тесік шұңқырларына айналып жатыр. «Құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер» деген. Қазақ халқы да тұлпардай талантты ұлдары мен қыздары арқылы жыл сайын мұратына жетіп келеді.

Бапкерім Елдос Далабай екеуміздің бос уақытымыз жоқ. Күнде жаттығу. Жарыс болатын уақытқа бір ай қалды ма, жоқ, әлі бір жыл бар ма оған қарамаймыз, яғни күн сайын тер төгу. Менің Жаңа жылдан күтерім тек қана жеңіс. Ол жеңіс менің отбасыма ғана емес, елге де болсын. Ел деп жүрген ерге де болсын!

Бейбіт ЫСТЫБАЕВ,

«Қазақстан барысы» және «Еуразия барысы»

турнирлерінің жеңімпазы, қазақ күресінен

әлем және Азия чемпионы.

Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар