Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин жаңа жылдың алғашқы күні Швейцарияның Ленцерхайд қаласы маңында өткен 15 шақырымдық «Тур де Ски» масс-сөресінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
«Қазақстандық Полторанин үшін бұл биылғы маусымдағы бірінші жеңіс болып отыр», - делінген хабарламада.
Алексей 15 шақырымдық қашықтықты 34 минут 28,1 секундте кесіп өтті. Екінші орындағы неміс Ханнес Доцлер одан 0,6 секундқа ғана қалып қойды. Үштікті жеңімпаздан 1 секунд ұтылған ресейлік Станислав Волженцов тұйықтады.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз:Vesti.kz.
Фото: Vesti.kz.