• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Шілде, 2021

Карантин: Алматыда қандай шектеулер енгізіледі?

212 рет
көрсетілді

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қаулыға сәйкес, қалалық жағажайлар мен ашық бассейндер 7.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Келушілер ASHYQ арқылы, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып  кіреді.

Театр, кинотеатр және филармония залдары тек 30 пайызға, ал концерт залдары 10 пайыз ғана толуы тиіс. 

ХҚКО-лар жұмысының уақыты дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі. Қабылдауға алдын ала жазылу қажет. 

Қаулы 2021 жылы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.