Еліміздің садақшы қыздары келешекте әлемдік деңгейде жарысқа түседі. Осындай пікірді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
«2014 жылы 22 наурызда Түркістан қаласында «Жамбы атудан» моңғолиялық жаттықтырушы елімізде алғаш рет жиын өткізді. Ал 4 жыл өткен соң 2018 жылы Оңтүстік Кореяда Елдос Бадашев пен Абзал Толыбеков әлемдік рекорд орнатып, әлем чемпионы атанды. Бұл қанымызда бар. Қазақтың қызының да қанында бар», деді. Бекболат Тілеухан.