• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Шілде, 2021

Ұлытау ауданында жарияланған Төтенше жағдайға байланысты комиссия құрылды

301 рет
көрсетілді

Ұлытаудағы өртке байланысты фермерлердің залалын бағалау жөнінде комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт далаға тарауда. Қазіргі уақытта ауылдар зардап шеккен жоқ. Жағдай Қарағанды облысы ТЖД тұрақты бақылауында. Өртті жою бойынша операцияны басқару ТЖ болып жатқан ауданға келіп жеткен облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаровқа тапсырылды. Малы қырылған немесе жайылымдары өртеніп кеткен фермерлердің залалын бағалау жөнінде комиссия құрылды.

Ұлытау ауданының үш округіндегі дала өрттерін жоюға 216 адам және 28 бірлік техника тартылды. Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауда ұстап отыр.

Еске сала кетейік, Ұлытау ауданында дала өрті өршіп 3 ауылда Төтенше жағдай жарияланған еді.