• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Шілде, 2021

Банк депозиттер бойынша максимальды мөлшерлемелерді жариялады

439 рет
көрсетілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың тамыз айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz  

Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бойынша ұсынылған максималды мөлшерлемелер өзгерген жоқ. Өйткені Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі маусым айында 9 пайыз деңгейінде сақталды. Еске саламыз, мұндай депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелердің көлемі базалық мөлшерлемеге тікелей тәуелді.

Бір немесе екі жылға  айға арналған мерзімді салымдар және 24 айға арналған жинақ салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде қалды. Бұған депозит нарығының осы сегментінде белсенділіктің төмендігі себеп болды. Ал 12  айға арналған жинақ депозиттер бойынша орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелер төмендегендіктен, осы депозиттерге тиесілі шекті мөлшерлеме 13,9 пайызға дейін азайыпты.

 Қор өкілдері аталмыш депозиттер бойынша мөлшерлемелер депозиттердің басқа түрлері арасында әлі де ең жоғары деңгейде болып қала беретінін айтып отыр.