Қызылорда облысы тұрғындарының 91 пайызы облыстық прокуратура қызметкерлерінің жұмысына оңды деп есептейді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сараптаманы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өткен жылдың соңында «Сыр-медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығының сарапшы-аналитиктері жүргізді. Орталықтың сауалдамасына Қызылорда қаласы мен Арал, Сырдария және Жалағаш аудандарының жасы 18-ден асқан 700 тұрғыны қатысқан. Олар 14 сұрақтан тұаратын сауалнамаға жауап қайтару негізінде аймақтағы құқық қорғау және арнайы органдарының жұмыстарына баға берген.
«Сараптама респонденттердің 83 пайызының облыстағы құқық қорғау органдары жұмыстарына оң баға беретінін көрсетті. Соның ішінде облыстық прокуратура органдарының қызметкерлері 91 пайыздық дауыспен бірінші орынға шықты», - делінген хабарламада.
Орталық сараптамасының қорытындысы бойынша ішкі істер органдары қызметкерлері орналасса, үшінші орынға төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері табан тіреген. Ал жұмыстарына оң баға алу жағынан көштің соңында ұлттық қауіпсіздік қызметі мен кеден органдары қалған.
Бұдан бөлек, респонденттердің 89 пайызы прокуратура қызметкерлері өз міндеттерін ойдағыдай атқарады деп есептейді. Сол сияқты сұралғандардың 85 пайызы жұртшылықтың облыс сала қызметкерлері жөнінде жақсы пікірде екенін білдірген.
Сәкен Майлыбай.
Дереккөз: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.