• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2021

Атырауда көп балалы аналар марапатталды

432 рет
көрсетілді

Бүгін Атырау қаласында тұратын көп балалы аналарға«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 маусымдағы №588 Жарлығымен атыраулық 5 ана «Алтын алқаға», ал, 19 ана «Күміс алқаға» ие болған.

«Көп балалы аналарға аталған марапатты Атырау қаласыәкімінің міндетін атқарушы Самат Емберген тапсырды. Ол көп балалы аналарға өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне қосып отырған үлесі үшін алғыс айтты» деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.