• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Шілде, 2021

Ұлытаудағы дала өрті 4 күннен бері басылмай тұр

372 рет
көрсетілді

Ұлытау ауданы Ақтас ауылдық округінің Пионер елді мекенінің маңында 2 мың гектарға жуық ең үлкен өрт ошағы шоғырланған. Қазір ауылға жақын маңда жұмыс жүріп жатыр. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Өрт Жангелді және Ақтас ауылдық округтерінің аумағында ауыздықталып жатыр.

«Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардан, ерікті өрт сөндіру құрамаларынан, сондай-ақ ТЖ департаментінен 87 техника және 197 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Пионер ауылына қауіп төніп тұрған жоқ. Елдімекеннен 3-5 шақырым қашықтықта жану ошақтары болды. Олар инженерлік техниканың көмегімен ауыздықталып, сөндірілді», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы полковник Мұрат Қатпанов.

Ең күрделі учаскелер – қыстауларға, фермерлік шаруашылықтарға от жақындамас үшін жедел түрде оқшауланды және сөндірілді. Дегенмен, жұмыс әлі де жалғасып жатқан жеке аумақтар бар. Оқиға орындарына қосымша ТЖД қызметкерлері келеді деп күтілуде.

Олар ең қиын жерлерге қойылады. Жергілікті атқарушы органдар өрт сөндіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Жалпы жағдай бақылауда.