• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2014

АҚШ-тағы қарлы боранда 16 адам қаза болды

383 рет
көрсетілді

АҚШ-тың орталық-батыс және солтүстік-шығыс аудандарында 3 қаңтардан бері үзілмей соққан қарлы боран көлік қозғалысына қатты кедергі келтіріп, нәтижесінде жол апатынан 16 адам қаза болды. Бұл туралы Samaratoday.ru хабарлады.

Қазіргі уақытта Канада мен АҚШ-тың солтүстік-шығысында қардың қалыңдығы 60 сантиметрге жетті.

Кісі өліміне соқтырған жол апаттары Нью-Йорк, Пенсильвания, Кентукки, Иллинойс, Мичиган мен Индиана штаттарында орын алды.

Нью-Джерси мен Нью-Йорк штаттарындағы мектептер мен мемлекеттік мекемелер қызметтерін уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес берілді. Мұндағы қардың қалыңдығы 60 сантиметрге жетіп отыр. Оны тазартуға 1700 техника жұмылдырылды. Қар көшкініне байланысты Нью-Йорк, Вашингтон, Бостон, Чикаго мен Филадельфия әуежайлары уақытша жабылып, 3 мыңнан аса әуе сапары кейінге қалдырылды.

Метеорологтардың болжамы бойынша, АҚШ-тың солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы 60 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Samaratoday.ru

Фото: Obozrevatel.com

Соңғы жаңалықтар