• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Қаңтар, 2014

Астанада монша өртенді

325 рет
көрсетілді

Бүгін, түнде 02:25-те Астана қаласы Қ. Сәтбаев көшесіндегі (бұрынғы Мирзоян) көп қабатты тұрғын үйдің («Нұр Отау» тұрғын үй кешені) төменгі қабатында орналасқан «Демалыс» моншасынан өрт шықты. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Өрт 1,5 сағаттың ішінде сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 10 шақты техникасы мен 40-тан адам өрт сөндіруші қызметкерлері жұмылдырылды.

10 шаршы метр жер отқа оранды. Қауіпсіз жерге көшірілген 120 адамның 15-і балалар. Олардың бәрі де дін аман.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы

Фото: News. mail.ru

Соңғы жаңалықтар