• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Шілде, 2021

Анар Жаилғанова: Елордада 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер еңбек етуде

287 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында барша қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін біздің еліміз атаулы мейрамдардың бірі- Елорда күнін атап өтуде.

23 жыл ішінде ел астанасы заманауи, қарқынды дамып келе жатқан, қайталанбас келбеті мен архитектуралық стилі бар қалаға айналды. Нұр-Сұлтан халықаралық деңгейде танымал Қазақстанның басты көрікті шаһары болды. Осының бәрі – Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан зор еңбегінің нәтижесі.

Қазақстанның жаңа тарихында еліміздіңбарлық жетістіктері мен Елбасының есімі егізұғым. Себебі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елорданы                    ел орталығына ауыстыру туралы тарихи шешім қабылдағаны белгілі.

Ел астанасы -Қазақстан мемлекеттілігініңбасты рәміздерінің бірі, бүкіл әлемге танымалбренд және мемлекетіміздің Тәуелсіздікжылнамасының ең жарқын бөлімі.

Біздің елордамыз халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізілген, Еуразиялық континенттіңорталылығына айналды. 2010 жылы мұнда ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ныңмерейтойлық саммиттері өтті.                      2017 жылы Нұр-Сұлтанда ауқымды шара - EXPO-2017 халықаралық көрмесі болып өтті.

Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі діндерлидерлерінің съездері, Астана экономикалықфорумдары өткізілді. Сондай-ақ бұл қаладаСириядағы қақтығысты бейбіт реттеу бойыншакеліссөздер жүргізілді, ел астанасы барлық мүдделіелдердің өкілдерін жинаған маңызды келіссөздералаңына айналды.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда ел мен оныңазаматтарының игілігі жолында орталық жәнежергілікті атқарушы органдарда 14 мыңға жуықмемлекеттік қызметкерлер еңбек етуде. Әрине, мемлекеттік қызметкерлердің Отанымыздың елордасында қызмет ететіндіктерін ұғынуы оларүшін кәсіби өсуге қосымша ынта беретіні анық.

Барлық қазақстандықтарды Елорда күніменқұттықтаймын!

Біздің елордамыз гүлденіп, одан әрі көркейе берсін, ал әрбір отбасының өмірі қуаныш, игілік және ертеңгі күнге деген сенімділікке толы болсын!

Құрметті достар, бұл күні Сіздерге жәнеотбасыларыңызға бақыт, денсаулық жәнежетістіктер тілеймін», деді Анар Жаилғанова.