• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2014

Алматыда зауыт өртенді

346 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы жол белгілерін шығаратын зауыттың қоймасы өртенді. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Зауыттың 280 шаршы метр аумағын жалын шарпыды. Қазір қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен арнайы зертхана мамандары өрттің шығу себебін анықтауда.

«Өртті сөндіруге 15 негізгі және 6 арнайы техника мен жеке құрамның 95 адамы жұмылдырылды. Пенопласт тез жанады, оның үстіне одан шығатын түтіннің иісі де жаман. Тілсіз жауды ауыздықтауға 40 минут уақыт кетті», - дейді өртке қарсы қызмет бөлімі басшысының аға көмекшісі Александр Честяков.

Зауыт директоры Қуаныш Асановтың айтуынша, өндіріс ғимаратының төбесін 2008 жылы да өрт шалған екен. Енді, міне, қызыл жалын тағы бірнеше аумақты шарпыды. Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Фото: «24 kz».

Соңғы жаңалықтар