• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Шілде, 2021

«Келімсек-2021» операциясы басталды

416 рет
көрсетілді

Қазақстанда заңсыз көші-қонмен күресу үшін «Келімсек-2021» операциясының бірінші кезеңі басталды, деп жазады Egemen.kz. 

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, ел аумағында ішкі істер органдары шекара қызметтерімен бірлесе отырып, «Келімсек-2021» операциясының бірінші кезеңін бастаған.

Шараның мақсаты – шетелдіктердің заңсыз көші-қон арнасын және заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылардың қызметін анықтау және жолын кесу, шетелдіктердің келген еліне өз еркімен қайтарылуына, оның ішінде реадмиссия тәртібімен, іздеуде жүрген адамдарды анықтауға жәрдем көрсету.