Атыраудағы құрылыс нысанында заңсыз жұмыс істеген 16 шетелдік анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
«Іс-шара кезінде Атырау қаласында орналасқан «Кәусар» тұрғын-үй кешенінің құрылыс аумағында жұмыс істеуге арналған рұқсат қағаздарын рәсімдемей, заңсыз қызмет еткен шетелдіктер анықталды. Қазір Өзбекстан Республикасының 16 азаматы жеке басы анықталғанға дейін Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына тапсырылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.