• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2021

Атырауда вакцина алғандар саны 100 мыңнан асты

258 рет
көрсетілді

Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін 100 мыңнан астам адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 6 шілдеде «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін жергілікті  2 640 жергілікті тұрғын алған.

«Вакцина салдырғандардың арасында 75 дәрігер, 185 педагог, 77 студент, 35 мемлекеттік қызметші, созылмалы ауруы бар 178 адам мен жергілікті 2 078 тұрғын бар. Сондай-ақ, арнайы мекемелердің 8,  құқық қорғау органдарының 3 қызметкері вакцина ектірді», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Жаппай вакциналау басталғаннан бері, яғни 1 ақпан-6 шілде аралығында қауіпті вирусқа қарсы вакциналардың I компонентін 100 919 адам салдырған. Вакциналардың II компонентін алғандар саны 54 495 адамға жеткен.