• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2021

Атырау облысында 1 324 науқас оқшауланды

201 рет
көрсетілді

«Қызыл аймақтағы» өңірдің бірі – Атырауда коронавирус инфекциясына шалдыққан 1 324 науқас емделу үшін оқшауланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен тәулікте 157 адам қауіпті вирусты жұқтырған. Оның ішінде 104 жағдай Атырау қаласында тіркеліп отыр.

Сондай-ақ Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында 13, Жылыой ауданында 15, Индерде – 10, Құрманғазыда – 9, Исатайда – 8, Мақатта – 4, Махамбет ауданында 2 адамнан коронавиурс инфекциясының белгісі анықталған.

«Қазір үй жағдайында 730 адам емделіп жатыр. Бұған қоса, модульдік ауруханада – 193, №2 облыстық ауруханада – 143, аудандардағы стационарларда – 144, фтизиопульманологиялық орталықта 67 науқас емделуде. Ал, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 44 науқас оқшауланды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.