Қасиетті Ұлытаудың ұлан-ғайыр даласы өртқұшағында қалды. Шіліңгір шілдеге дейін көктен біртамшы тамбай, түгін тартсаң майы шығатынырзықты өңірдегі өсімдік атаулы қурап кеткен еді. Бірғана ұшқын сары даланы жолындағыны түгелжалмаған қып-қызыл тажалдың құшағына итересалды...
Ресми деректің бірі Ұлытау ауданындағы алапат өрттіңшығуына ашық күні ойнаған найзағайдың себепші болғанынайтады. Әбден мүмкін. Тіпті шөпшінің шалғысы тасқа тиіп, содан от шығуы немесе темекі шоғынан да лап етіп тұтануыәбден мүмкін-тұғын. Қазір ол, әрине, маңызды емес. Еңмаңызды болып тұрғаны – мал-жанның амандығы...
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек таратқанақпаратқа сай, елді мекендері отқа оранған Ұлытауауданында түрлі техниканың 175 бірлігі, құтқарушысы мен еріктілері бар, барлығы мыңға жуық адам күн-түнге қарамайөртпен алысып жатыр. Кейбір деректерге қарағанда, ауданаумағында дала өртінің 17 ошағы болған. Қызыл әзірейіл, әсіресе, Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек, Борсеңгір, Пионер, Байқоңыр, Шеңберауылдары тұсында ерекше құтырынған.
Әлі түпкілікті анықталмаған кейбір деректерге қарағанда, өрт қоршауында қалған ауылдарда мал шығыны болған. Мысалы, Жангелді ауылдық округіне қарасты «Әбдібеков» шаруа қожалығының 200 қойы мен он шақты сиыры отқакүйіп өліпті. Сондай-ақ Байқоңыр ауылында 300-ге таяу қойөртеніп кеткендігі жайлы хабар әлеуметтік желілерде жүр.
Ең өкініштісі сол, Қоскөл ауылынан қырық шақырымжерден өртеніп кеткен УАЗ автокөлігі қаңқасының жанынан23 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Ресми деректербойынша, қаза тапқан азамат өрт сөндіруші еріктілердіңқатарында болмаған екен. Қазіргі уақытта қайғылыоқиғаның мән-жайын жергілікті полиция қызметкерлеріанықтау үстінде.
Жасыратыны жоқ, өрт басталғаннан бері әлеуметтікжелілерде неше түрлі ақпарат, фото және бейнежазбалар легідүркін-дүркін жарияланып жатыр. «Мал ашуы – жан ашуы» деген, қолындағы азын-аулақ малынан айырылғанағайынның өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға, жергілікті атқарушы билікке айтар өкпе-реніші де жоқ емес. Мәселен, Байқоңыр ауылының бір тұрғыны Ұлытауауданындағы өрттің шілде айының басында басталғанынайтады. «Біздің ауданға келген өрт сөндіруші қызметкерлерінің саны өте аз болды. Біз өзіміз қолымызғашүберек алып, өртті сонымен сөндірдік», деп мұңын шақтыол.
Шынында да, бір тамшы жаңбыр жаумаған аптап ыстықтаөрт болуы мүмкін-ау деп бас ауыртпаған, апаттың алдын алуқамын жасау-ға тырыспаған жергілікті атқарушы билік пен төтенше жағдайлар қызметіне қандай сын айтса да орынды. Әлбетте, бұлкемшіліктерге тиісті органдар талдау жасап, қорытындысыншығара жатар. Ал малы қырылып, шабындық жерлері түгіқалмай жанып кеткен шаруаларға деген көмек жан-жақтыболуы тиіс. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін қазіргіуақытта арнайы құрылып, жұмыс істеп жатқан комиссия ерекше назар аударады деген ойдамыз.
Дегенмен аттарына қанша сын айтылса да, төтеншежағдайлар жөніндегі департаментке қарасты қызметтерөртпен жан аямай айқасуда.
– Жұмыс түнде де тоқтатылмады. Қабылданған шараларқауіпті сейілтті. Күш пен құралдар жеткілікті. Құтқаруқызметтері жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмысістеуде. Әкімдіктер қажетті материалдық-техникалықжабдықтармен қамтамасыз етуде. Тұрғындар түсінушілікпенқарауда, белсенді қолдау көрсетіп, тіпті өз үйлеріндеқұтқарушыларды тамақтандыруда, – деді облыстық ТЖ департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов.
Өрт құшағында қалған Ұлытауға облыс әкімі ЖеңісҚасымбектің барғаны дұрыс болды. Сайып келгенде, мұныңөзі қалыптасқан жағдайда тығырықтан шығу жолдарыніздестіруге игі әсерін тигізгені сөзсіз. Оның үстіне, өңірбасшысының арнайы келгені шығынға белшеден батып, таяқұстап қалған шаруаларға дем берді, ертеңгі күнге дегенсенімін оятты. Өйткені малынан айырылған жергіліктітұрғындарды қазіргі уақытта бәрінен бұрын өтемақы мәселесінің қатты мазалап отырғаны жасырын емес.
Ұлытауда болғанында облыс әкімі жағдай толықтайбақылауда екенін мәлімдеді. «Қауіпті учаскелерді жою үшінқажетті күштер мен құралдар жеткілікті. Жезқазған жәнеСәтбаев қалаларынан әкімдіктер 20 тонна көлемінде жанар-жағармай мен азық-түлік жеткізуді ұйымдастырды», депмәлімдеді Жеңіс Қасымбек.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің кейінгітаратқан мәліметтері көңілге демеу боларлықтай. «Жеделштаб құрылды. Даланың табиғи өрті бойынша жағдай жеделқызметтер және атқарушы билік органдарының айрықша бақылауында. Біздің қызметкерлер өрт сөндірушілермен үш«Iridium» жер серігі терминалы бойынша үнемібайланыста», деп хабарлады ТЖД-ның ресми өкілі.
Дегенмен соңғы жеткен ақпараттарға қарағанда, даладағыөрт түгел өшті деуге әлі ерте. Тіпті ол Ұлытаудан басқааудандарда да аяқастынан лап ете қалуы әбден мүмкін. Мұны ескермесе, болмайды. Мәселен, кешелері Жаңаарқа, Шет және Ақтоғай аудандары аумағында өрт шығып, олардер кезінде сөндірілген.
Ал Ұлытау ауданындағы Жангелді, Ақтас, Шеңбер жәнеАмангелді ауылдық округтерінде дала өртін сөндіружұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл маңдағы өртпенкүреске 370 адам мен 45 техника бірлігі жұмылдырылған.
Ауа райын болжаушылар алдағы күндері Ұлытауауданында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін дегенболжам айтады. Олай болса, мұның өзі өртпен алысып, әбден титықтаған төтенше жағдайлар қызметіне көрсетілгенкөмектің үлкені болар еді. Ал өрістегі малы өртеніп немесетүтіннен тұншығып қырылып қалған, сонымен қатаршабындығындағы шөбі қылтанағы қалмай жанып кеткеншаруалар көмекті жергілікті атқарушы биліктен күтеді. Иә, Ұлытау көмектен кенде қалмауы тиіс.
Қарағанды облысы,
Ұлытау ауданы