• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Сұхбат 07 Шілде, 2021

Әлемді ар-ұжданы биік адамдар сақтайды

402 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Елорда – өнер өлкесі» атты Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаншығармашылық кездесуі аясында Өзбек ұлттықакадемиялық драма театры көрермендерге «Ар-ұждан» спектаклін ұсынды. Өзбек халқыныңталантты драматургі Иззат Султонның өткенғасырдың 60-шы жылдары жазған бұл туындысықазіргі уақытта да маңыздылығын жойған емес. Спектакльдің негізгі идеясы – адам, адам болғанда да оның болмысындағы адалдық пен албырттықарасындағы күресті өзек еткен. Осы орайда біз осы қойылымды сахналаған режиссер, Өзбекстанныңеңбек сіңірген әртісі Марат Азимовпен кездесіп, аз-мұзтілдескен едік.

− Еліміздің бас қаласына қош келіп­сіз, он күнгесозылған көршілес үш ел театрларының кездесуі қалай өтті?

− Рақмет! Осындай жарқын жүздесу­лерді асыға тосыпжүреміз. Мұндай кездесулер театр актерлеріне шабытсыйлап қана қоймайды, тәжірибе алмасуға, бір-біріміздіңөнерімізді жақын білуге, бағалауға мүмкіндік береді. Жалпы, қазақ пен өзбек бір тамырдан өрбіген бауырлас халық. Қоселдің достығы көне ғасырдан жал­ғасып келеді. Өзімешығармашылық кез­десу ұнады. Басқа да театрлардың қо­йы­лымдарын көріп, көп нәрсені ойы­ма түй­дім. Осындаймазмұнды шараны ұйым­­дастырушыларға алғысымдыайтамын.

− Жаңа ғана сіздің спектакльіңізді көр­дім. Адамдытүрлі ойға жетелейді екен...

− Ол рас. Бұл шығарманың жазыл­ға­нына алпыс жылданаса уақыт болса да ондағы айтылған салмақты ой әлі күн­гедейін өзекті. Қазіргі кезде тіпті маңы­зы артып кетті. Өмірдеадамның ар-ұжда­нынан, ұятынан биік дүние жоқ. Шындапкелгенде, әлемді ұстап отырған ар-ұжданы биік адамдар. Сондықтан да бұл тақырып қандай дәуір болса да маңызынжоймайды. Біздің театр бұл спектакльді жеті жылдан берісахналап келеді. Актерлар да оны бар ынтасымен ойнайды. Бір жағынан, әр қойылым сайын оны көрерменге жаңашаберуге күш саламыз. Әртістер құрамы да жастарменжаңарып отырады. Содан ба, осы туындымен қай жергебарсақ та оны көрермен жылы қабылдайды. Біз осы спектакльмен астаналарыңызға екінші мәрте келіп отырмыз. Бұдан төрт жыл бұрын атақты актер Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналған театр фестивалінеқатысқанбыз.

− Өзбекстандағы театр өнеріне тоқ­­талып өтесіз бе?

− Бізде 34 театр бар. Сонымен қа­тар театр студияларыкөптеп ашылып жа­тыр. Әрине, бұған біз қуанамыз. Жұрт­шылық та театрды жақсы көреді. Әсіресе көрермендердіжастар тақырыбы тол­ған­тады. Алайда драматургия са­ла­сыкіш­кене кенжелеп тұр. Енді-енді та­лантты­ жас­тар шығыпжатыр. Соған қара­мас­тан бұрынғы драматургтердің қазіргіуақыт­пен үндес туындыларын сахналап жатырмыз.

− Міне, бір жылдан бері барлық әлемді коронавирусдерті қыспақ­қа салып қойды. Соның кесірінен адамдарда театрдан кішкене алшақтап қал­­­ғандай ма?

− Иә, солай болып тұр. Пандемия кезінде көрермендер де театрға сирек кел­ді. Енді оны түсінуге болады. Бәрі де уақытша деп ойлаймын. Бірақ біз шығар­машылықізденісімізді тоқтатқан жоқпыз.

− Театр өнерінің болашағы туралы не айтар едіңіз?

− Алғаш телевизия шыққанда «Енді театр болмайды, оныңкүні бітті» деген әңгімелері айтылды. Содан бері де қан­шамажыл өтті, ешнәрсе де өзгерген жоқ. Қайта, театр өнеріжаңаша дамып, түрленіп барады. Өмірдің шына­йы көрінісінсахнадан жақын көресіз. Сон­дық­тан да театр өлмейді, олмәңгілік өмір сүреді. Театрсыз өмірдің де мәні жоқ.

Айта кетейік, спектакль соңында Мә­­дениет және спорт вице-министрі Нұр­ғиса Дәуешов Өзбек ұлттық акаде­мия­лықдрама театрының ұжымын арнайы дипломмен марапаттады.

 

Әңгімелескен Азамат ЕСЕНЖОЛ,

«Egemen Qazaqstan»