• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2014

Қыраудың салған әлегі

376 рет
көрсетілді

Орал өңірінің бірқатар шалғай­дағы аудандарында жарық уақытша болмай қалды. Бұған жоғары вольтті электр кернеулері мен сымдарының бірінен соң бірі быт-шыт үзілуі себепші болды.

Орал өңірінің бірқатар шалғай­дағы аудандарында жарық уақытша болмай қалды. Бұған жоғары вольтті электр кернеулері мен сымдарының бірінен соң бірі быт-шыт үзілуі себепші болды.

Мұндай тосын жағдай қуат желілеріне қалың қырау тұрған­дықтан орын алған. Жылы ауа мен салқын ауаның бір-бірімен түйісуі қалың тұманның түсуіне, өз кезегінде мұның өзі қыраудың одан сайын қалыңдауына әсер еткен.

Жасыратыны жоқ сол бір күндерде шалғайдағы ауыл тұр­ғын­дарының күні пілте шамға қарап қалды. Өткен ғасырдың жарық беруші құралы болған бұл шамның өзі бүгінде оңайлықпен табыла бермейді. Электр жарығының жоқтығы оның көмегімен жұмыс істейтін бүгінгі заманғы компьютер, интернет, ұялы және кәдімгі телефон байланыстарының да уақытша тоқтап қалуына әкеліп тіреді.

– Мұнда адам факторы орын алған жоқ. Оқыс оқиға техногендік сипаттағы себептерден туындады. Электр жарығы ауылдық округтерде уақытша болмағанымен тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық ғимараттарда жылу мен су үзілген жоқ. Орын алған жағдайды қалпына келтіру ісімен арнайы бригадалар уақытпен санаспастан күндіз-түні айналыс­ты. Соның нәтижесінде қазір аудан орталығы мен ауылдық округтерге түгелдей дерлік жарық қайтадан берілді, – деп хабарлады газет тілшісіне шалғайдағы Казталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар