• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Шілде, 2021

COVID-19-ды үшінші мәрте жұқтыру дерегі тіркелді

164 рет
көрсетілді

Әлемде коронавирустық инфекцияны үшінші рет жұқтыру дерегі тіркелді, ал бұл ауру алғашқыларға қарағанда ауыр болуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік инфекционист Евгений Тимаков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Яғни вирус иммундық кедергілерді айналып өтіп, екінші немесе үшінші рет адам организмін зақымдайды. Үшінші рет жұқтыру алғашқы екеуінен әлдеқайда ауыр өтеді», деді ресейлік дәрігер.

ДДСҰ SARS-CoV-2-нің төрт түрін «мазасыздыққа» жатқызды: альфа (британдық), бета (Оңтүстік Африка), гамма (бразилиялық) және дельта (үнді). Соңғысы, сарапшылардың пікірінше, мутацияны жалғастыра отырып, SARS-CoV-2-дің бастапқы Ухан нұсқасынан екі есе жұқпалы.

Еске сала кетейік, жақында дельта-плюс нұсқасының жаңа түрі пайда болғаны туралы белгілі болды.