Өндірісті өңірде бұл күндері 50 мектеп болса, оның 21-і қазақ тілінде білім береді.
Өндірісті өңірде бұл күндері 50 мектеп болса, оның 21-і қазақ тілінде білім береді.
25 балабақша бар. Осы жылы 1933 сәби дүниеге келіпті. Жуырда ғана қалада күрделі «Ақбота» балалар бақшасы ашылды. Оған қалалық бюджеттен 70 миллион теңгедей қаражат бөлініпті. Балабақша меңгерушісі Людмила Лабудьконың айтуынша, 13 топта, қазақ және орыс тілдерінде тәрбиеленетін 320 бала бар. Балалар бақшасында «Монтессори» және «сенсорика» атты педагогикалық технология үлгілері қолданылмақ. Біздің еліміздегі басқа бағдарламалардан ерекшелігі, сәбилерді өзін-өзі дамытуға, өздерінің қалаған істерімен айналысуға және әлемді өз құлшынысымен тануға мүмкіндік береді. Яғни Монтессори педагогикасы ХХ ғасырдың бірінші жартысында 1909 жылы италиялық педагог Мария Монтессори тарапынан жасалған тәрбиелеу жүйесі көрінеді. Бұл әдістеме әрбір тәрбиеленушіге деген дара тәсілдемеге негізделген. Балалар дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ойлау, өзіндік еркін бағытта дамиды. Сенсорлық балалар дегеніміз – өз ісіне өзі сүйсініп, өзін-өзі тану.
Екібастұзда елімізде қабылданған «Балапан» бағдарламасын іске асыру аясында балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 95,5 пайызды құрап отыр. Жаңа балабақшаға Мария Монтессоридің үлгісімен тәрбиеленетін «Ақботаның» сенсорлық балаларына спорттық модульге арналған сертификат табысталды. Кімнің педагогикасын оқыса да қазақтың ұлттық танымдық тәрбиесіне жетпейтінін кеш түсініп қалмасақ болды...
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Екібастұз.