• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2014

Ақпараттар ағыны

252 рет
көрсетілді

*Осы күндері «Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көр­ме­сіне дайындық қызу жүріп жатыр. Оған 5,5 миллионға жуық адам келеді делінуде. Осыған байланысты Астанада 2017 жылға қарай 38 қонақүй салу жоспарланып отыр. Бүгінде қалада 75 қонақүй ресми тіркеліп, жұмыс істеуде. Соның ішінде төртеуінде 150 және одан көп нөмір болса, қалған қонақүйлерде 4-30 нөмірден ғана бар.

*Осы күндері «Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көр­ме­сіне дайындық қызу жүріп жатыр. Оған 5,5 миллионға жуық адам келеді делінуде. Осыған байланысты Астанада 2017 жылға қарай 38 қонақүй салу жоспарланып отыр. Бүгінде қалада 75 қонақүй ресми тіркеліп, жұмыс істеуде. Соның ішінде төртеуінде 150 және одан көп нөмір болса, қалған қонақүйлерде 4-30 нөмірден ғана бар.

*Биыл Қызылорда облысында жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған ба­ла­ларға арналған отбасылық ауыл салынады. Балалар ауылы 10-12 отбасылық үйден құралатын болады. Әр үй 18 жасқа дейінгі 7-10 балаға дейін ұлы мен қызы аралас тұратын отбасына арналады.

*Еліміз шекара қызметкерлері 2 кило алтынды заңсыз алып өтпек болған 33 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Қазақстандықты «Орал шекара отрядына қарасты «Жайық» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары Мәскеу – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде ұстаған. Мұны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Сырға, жүзік секілді алтыннан жасалған бұйымдардың жалпы құны 10 млн. теңгеге жуықтайды екен.

*Ақмола облысы Кіндікқарағай ауылының тұрғыны Ақайдар Дайыров химиялық қоспасыз пима тігу ісін қолға алды. Ол үйінің жанынан ашылған шағын цехта күніне 2-3 жұп пима тігіп шығарады. Бұл азамат электр қуатын тиімді пайдаланады, яғни пима басуға арналған ыстық суды оны кептіруге қайта қолданады. Бұл отбасы алдағы уақытта жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетілсе, пима зауытын ашуды көздеп отыр. Өйткені, солтүстік аймаққа аса қажетті осы жылы аяқ киімнің 85 пайызы қазір Ресейден тасымалдануда.

*Елі­міз аумағындағы жолдарда әртүрлі жағ­дайлармен қалып қойған 120 жолаушыға көмек көрсетілді. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Астана – Шідерті бағытындағы тас жолдың 118-ші шақырымында автобус бұзылып, құтқарушылар 50 жолаушыны діттеген жеріне жеткізген. Олар сондай-ақ, Павлодарға қарай жолға шығып, Астана – Павлодар трассасында тоқтап қалған көліктегі 30 жолаушыға да көмек көрсеткен. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласынан Астанаға қарай бет алған үшінші автобус Ақмола облысының Целиноград ауданы маңында қатты аязға шыдас бермей, жарты жолда бұзылып қалған. Осы автобуста болған 40 жолаушыға басқа көлік бөлінді.

*Алматылық кәсіпкер Едіге Иб­райы­мов қазақтың киіз үйін жаңа технология­лармен жабдықтап, экологиялық тұр­ғы­дан таза, әрі арзан қонақ үйге айналдыруды мақсат етіп отыр. Ол киіз үйді шетелдік туристерді тартатын табыс көзі деп біледі. «Қазақ үй» деп аталатын бұл қонақүй кешеніне жаңа жабдықтар орнатылады. Оның жасаған жобасы негізінде киіз үйде күн энергиясынан электр қуатын өндіретін шағын станса, байланыс пен компьютер желісі, басқару және қауіпсіздік жүйесі, ауа температурасын реттеу құралдары болады. Бұл қонақ үйлерді кәсіпкер Омбы – Майқапшағай, Алматы – Өскемен тас жолдары бойына орналастырмақ.

*Каспий теңізіне аққулар келе бастады. Қазір теңіз жағалауына күн суықта же­тетін жыл құстарын тамашалауға жұрт­шы­лық асығуда. Тұла бойына сұлулық тұнған құс патшасы – аққу кіршіксіз таза­лық­тың, қылаусыз пәктіктің символы. Аққудың салмағы – 7-13 кило. Қанатының құлашы – 1,5 метр. Ерекше ұзын да әсем мойнын тік ұстайды. Сарғыш қызыл тұмсығының ұшы қара түсті. Мұндай сұлулықты көру үшін ат арытып алыстан келетіндер көп.

«ҚазАқпарат», Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар