• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2021

Ақтауда мас тұрғын аурухананың терезесін сындырды

174 рет
көрсетілді

Маңғыстау полицейлері бұзақыларды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны мас күйде Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінің терезесін сындырған.

Аталған факті Ақтау қаласы Полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, Мұнайлы аудандық Полиция бөлімімен белгісіз адамның дене жарақатын салу фактісімен 2021 жылғы 1 шілдеде Батыр ауылының тұрғынынан түскен арыз бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 26 жастағы К. есімді азамат ұсталды. Тергеу әрекеттерінің өзге ақпараттары жария етілмейді. 

Аталған қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жалғасуда және кінәлілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім қабылданады.