• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Шілде, 2021

ХҚКО дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты

370 рет
көрсетілді

Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан дайын құжаттарды жеткізу жобасы бүкіл Қазақстан аумағында қолжетімді болады. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының басшылығы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өткен жылы біз 16,4 миллион қызмет көрсеттік. Яғни статистика бір қызметті ХҚКО-ға бір өтініш ретінде есептейді. Іс жүзінде, бір қызметті алу үшін клиент ХҚКО-ға өтініш беру үшін және нәтижені алу үшін екі рет жүгінеді. Бұл бөлімшеге қосымша жүктеме жасайды. Азаматтардың қайта жүгінуін болдырмай, кезекті азайту мақсатында үш қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында дайын құжаттарды жеткізу қызметі іске асырылды», деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикер сервис механизмі қарапайым екенін түсіндірді: құжаттың дайындығы бойынша тұрғынға бірегей сілтемесі бар SMS келеді. Сілтеме бойынша өтіп, мекенжайды көрсетіп, 970 теңге төлеу қажет, құжат күнбе-күн жеткізілетін болады.

«Пилоттық жобаның бір жарым айында 1 200-ден астам құжат жеткізілді. Жақын арада жоба бүкіл Қазақстан бойынша кеңейтілетін болады», деп атап өтті Сүйеніш Әбділдин.