• RUB:
    5.05
  • USD:
    494.95
  • EUR:
    525.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Шілде, 2021

Astana Hub технопаркінің цифрлық нұсқасы жарияланды

239 рет
көрсетілді

Орталық Азияның IT-стартаптарының ірі технопаркі Astana Hub өзінің цифрлық нұсқасын тікелей эфирде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Astana Hub технопаркінің онлайн платформасында бағдарламаларға қатысуға өтінімдерді қабылдаудан бастап, салықтық және визалық преференциялар алатын технопарк резиденттері үшін онлайн есептілікті толтыруға дейінгі барлық ірі және ұсақ процестер автоматтандырылған. 

ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің алғы сөзінде 3 жыл ішінде технопаркте мыңнан астам технологиялық кәсіпкерлер мен арнайы салық және визалық режимдердің 507 қатысушыларынан тұратын қауымдастық құрылғанын атап өтті. Бүгінгі таңда Astana Hub 12 миллионнан астам пайдаланушыны қамтиды. Технопарк стартап-индустрияның өзегі және әртүрлі деңгейдегі технологиялық кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер орталығы болып саналады.

Цифрлық astanahub.com технопаркі - бұл Қазақстанның IT-саласының барлық қатысушыларының online-құралдары мен коммуникацияларының бірыңғай платформасы. Ол оқушылар, фрилансерлер, стартаперлер, IT-компаниялар, инвесторлар, корпорациялар мен мемлекеттік органдары кіретін кең мақсатты аудиторияға есептелген. Олардың әрқайсысы тапсырысты алудан бастап инвестицияларды тартуға дейін кез-келген мәселелердің шешімін табады. Платформаның экожүйесінде іс-шаралар, қызметтер, жаңалықтар, блог, бос жұмыс орындары, IT-бастамалары бар. Сонымен қатар, кез келген білім беру немесе бизнес бағдарламасына тіркелуге, өтінімді қашықтықтан беруге, ал қолданушыға үйден шықпай-ақ есеп тапсыруға болады.

Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев жұмыстың аралық қорытындылары туралы айтып, отандық стартап мәдениетті дамытудағы білім беру бағдарламалары, өңірлерді дамыту, резиденттер үшін экспорт мүмкіндіктерімен таныстырды.

Биылғы жылдың күзіне қарай Astana Hub ерте сатыдағы стартаптар үшін олардың келесі деңгейге көтерілуіне көмектесу үшін 5 миллионнан 20 миллион теңгеге дейінгі қаржыландыру жүйесін іске қосады. Бағдарламаға қатысушылар сарапшылардың сүйемелдеуіне ие болып, сәтсіздік тәуекелдерін едәуір азайтады. Барлық процесс толығымен сандық форматта, оның ішінде есептілікте болады.

Astana Hub-тың басты мақсаты - технологиялық өнімдердің экспорттық әлеуетін дамыту және ссы бағытта 2025 жылға қарай 500$ млн көрсеткішке қол жеткізу. Қазіргі кезде стартаптар 34,5 млрд теңге тартты. Хабқа қатысқан компаниялардың жалпы табысы 98,9 млрд теңгені құрайды.

3 жыл ішінде технопаркте 10 000-нан астам адам оқып, 6 138 жұмыс орны ашылды.

Өткен жылдан бастап хаб өзінің білімі мен тәжірибесін Қазақстанның барлық өңірлеріне тарата бастады.