• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2014

Көкшетауда әйел нәрестесімен бірге перзентхана терезесінен секірді

233 рет
көрсетілді

Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласында жуырда босанған әйел нәрестесімен бірге перзентхана ғимаратының екінші қабатынан секірді. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Сәби аман қалғанымен, анасының бас сүйегіне зақым келді және оның аяғы сынды. Дәрігерлердің айтуынша, әйел нәрестені сау қалпында босанған. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны әлі анықтала қойған жоқ. Белгілісі, 27 жастағы келіншек қылмыстық атқару жүйесі департаментінде жедел уәкіл болып қызмет атқарады екен.

«Қасындағы азаматша шай қоюға шығып кеткенде, келіншек перзентхана терезесін сындырып, нәрестесімен бірге екінші қабаттан секірген. Қазір бұл ана облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер оған жақын арада ота жасайды»,- дейді Ақмола облысындағы перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Айымгүл Маханова.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы

Фото: «Қазақстан» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар